Белсендіру коды туралы

Белсендіру коды – жиырма латын әрпі мен санынан құралған бірегей бірізділік. Сіз Kaspersky Security Center бағдарламасын белсендіретін лицензиялық кілтті қосу үшін белсендіру кодын енгізесіз. Сіз Kaspersky Security Center бағдарламасын сатып алғаннан немесе Kaspersky Security Center сынақ нұсқасына тапсырыс бергеннен кейін, өзіңіз көрсеткен электрондық пошта мекенжайы бойынша белсендіру кодын аласыз.

Бағдарламаны белсендіру кодының көмегімен белсендіру үшін, "Лаборатория Касперского" белсендіру серверлеріне қосылу мақсатында интернетке қатынасу талап етіледі. Жүйелік DNS арқылы серверлерге қатынасу мүмкін болмаса, бағдарлама жалпыға ортақ DNS серверлерін пайдаланады.

Бағдарлама белсендіру кодының көмегімен белсендірілген болса, белсендіруден кейін кейбір жағдайларда, бағдарлама лицензиялық кілттің ағымдағы күйін тексеру үшін "Лаборатория Касперского" белсендіру серверлеріне үнемі сұраулар жіберіп тұрады. Сұраулар жіберу үшін бағдарламаға интернетке қатынасу мүмкіндігін ұсыну керек.

Бағдарламаны орнатқаннан кейін белсендіру кодын жоғалтып алсаңыз, сізге лицензияны сатқан "Лаборатория Касперского" серіктесімен хабарласыңыз.

Сіз басқарылатын бағдарламаларды белсендіру үшін кілт файлдарын қолдана алмайсыз; сіз тек белсендіру кодтарын ғана қолдана аласыз.

Сондай-ақ, қараңыз:

Негізгі орнату сценарийі

Басына оралу